Алекс Харвей Лахтидің «патшасы» атанды
Лахти қаласында шаңғы жарысынан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.
Жарыстың соңғы күні «патшалық сайыс» аталатын 50 шақырымдық жарыста канадалық Алекс Харвей топ жарды. Екінші орын ресейлік спортшы Сергей Устюговқа бұйырса, үшінші орынды финляндиялық Хейкинен қанағат тұтты.
Айта кететін жайт, бүгін Петтер Нортуг, Магнус Хелнер, Олоф Сундбю, Дарио Колонья сынды шаңғы шеберлері жүлдесіз қалды.
Канадалық спортшы Лахтиде басқа сайыстарға қатыспай, тек осы «патша сайысына» дайындалған болатын. Ол 1988 жылы Квебек қаласында дүниеге келген. Харвей екі дүркін әлем чемпионы , спринттік және қашықтық сайыстарына күш сынай беретін әмбебап шаңғышы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или