Майк Альтамура: Жақиянов бір қарқынды ұстап алса, ол – нағыз машина

Майк Альтамура: Жақиянов бір қарқынды ұстап алса, ол – нағыз машина

Аустралиялық MJA Entertainment промоутерлік компаниясының басшысы Майк Альтамура Жанат Жақияновтың кәсіпқой рингтегі мүмкіндіктері туралы айтып берді.

«Жақиянов өз табысын арттыра алады, себебі оның өнімділігі өте жоғары. Жақын қашықтықта мықты жұдырықтасады. Жеңіп алған титулы оған сенімділік әкелуі керек. Жақияновқа қызып алу үшін бірнеше раунд қажет, жекпе-жектің басында әлсіздеу көрінеді. Бірақ бір қарқынды ұстап алса, ол – нағыз машина», - деді Альтамура.

Айта кетейік, Майк Альтамураның компаниясымен бірге қазақстандық Данияр Елеусінов пен Иван Дычко жұмыс істейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или