Фируза Шарипова мен Юлия Чернобородова кездесуінің видеосы
Назарларыңызға Фируза Шарипова мен Юлия Чернобородова арасындағы кездесудің толық видео нұсқасын ұсынамыз. Кездесу төртінші наурызда Ресей астанасында өткен болатын. Видеоны profiboxing.kz сайты ұсынып отыр.
Бұл кездесу екінші жеңіл салмақ (61 кг) дәрежесінде өтіп, белгіленген барлық алты раундқа созылды.
Біздің жерлесіміздің қарсыласы - кәсіпқой бокстаға алғашқы жекпе- жегін өткізіп отырған Юлия Чернобородова болатын.
Бірінші рандтан бастап Фируза кездесу тізгінін өз қолына алды. Ал оның қарсыласы болса екінші номермен өнер көрсетіп, қарымта соққылар жұмсап отыруға тырысты.
Екінші раудта да қарсыластар анау айтқандай басымдыққа ие бола алмады. Дегенмен раунд соңында Фируза бірнеше комбинациялық соққылар жұмсады.
Төртінші раудтан бастап жерлесіміз соққыларын қарсыласының басына емес денесіне тигізуге тырысты. Қалған екі раунда Шарипова қарсыластың соққыларын дарытпай өзінің басымдығын байқатты. Кездесу қортындысында Фируза төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.