Геннадий Головкин: Рингте ақылды болуым керек

Геннадий Головкин: Рингте ақылды болуым керек

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин америкалық Дэниэл Джейкобспен жекпе-жегінде рингте ақылды болу керектігін айтты.

«Джейкобсқа қарсы жекпе-жекті тағатсыздана күтіп жүрмін. Мен үшін жақсы сынақ болмақ. Ол - әлемдік деңгейдегі боксшы. Маған және менің командама осы ұнайды. Джейкобс – өте мықты панчер. Куиллинге қарсы кездесудегі нокауты әсерлі шықты. Рингте ақылды боулым керек. Жеңіске жетуім үшін барлық машығымды қолдануым қажет. Дэниэлді бірнеше рет көргенмін, қай деңгейде екенін білемін. Сондықтан біздің кездесуіміз жанкүйерлер үшін өте қызықты болады», - деді Головкин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или