Головкиннің жекпе-жегіне бару мүмкіндігі туды
Геннадий Головкин өз фанаттарына акцияға қатысуды ұсынды. Жеңімпаздар GGG – Джейкобс кездесуіне билет ұтып алады. Жекпе-жек 18 наурызда АҚШ-та өтеді.
«Бұл сіздің жіберіп алғыңыз келмейтін мүмкіндік. 18 наурызда Джейкобсқа қарсы кездесуіме қонаққа келіңіз. Сізге көрермен залы мен баспасөз-мәслихатында VIP орын беріледі. Авиабилет пен қонақүй ақысын мен төлеймін», - деп жазды Головкин Инстаграмдағы парақшасында.

Бұл акцияға қатысу үшін қайырымдылыққа 10-нан 5000 долларға дейін беру қажет. Сома көп болған сайын жеңіске мүмкіндік те ұлғая түседі. Түскен қаржының бәрі ауру балаларға беріледі.
Бұл ұтысқа мына сілтеме <span>бойынша қатысуға болады. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или