Головкин: Джейкобспен кездесу келешегім үшін қауіпті
Жеңіліп көрмеген орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Дэниэл Джейкобспен алда өтетін жекпе-жектің маңызды әрі қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды Los Angeles Times басылымы. <br /><br />«Джейкобс - мен үшін мықты қарсылас екенін жақсы білемін. Бұл екі чемпионның тартысты жекпе-жегі болмақ. Ол әуесқойлық бокста өзін жақсы қалыптастырды. Оның қарсыластары да мықты жігіттер болды. Бұл жекпе-жектен 100 пайыздық қысымды сезгеніме қарамастан, өзіме сенімдімін», - деді қазақстандық Los Angeles Times журналистеріне берген сұхбатында. <br /><br />Головкиннің айтуынша, бұл ол үшін ең үлкен қадам. «Келесі қадамым одан да маңыздырақ. Біз тарих үшін жұдырықтасамыз. Джейкобс менің бұрынғы қарсыластарыма қарағанда әлдеқайда күштірек. Қарсыластарымның ішіндегі ең қауіптісі дер едім. Бұл бокс үшін де, менің келешегім үшін де қауіпті», - деп сөзін түйіндеді Головкин.