Головкин: Канело маған келісім-шарт ұсынды ма? Мен көрген жоқпын

Головкин: Канело маған келісім-шарт ұсынды ма? Мен көрген жоқпын

Орта салмақта WBA, WBC, IBF және IBO титулдарының иегері Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альварестің келісім-шарт ұсынғаны өтірік екенін айтты.

«Білмеймін, дәл қазір бар ойым – Дэниэл Джейкобста. Қазір Канело және Golden Boy-мен кімнің сөйлесіп жатқаны маңызды емес. Ол келісім-шарт әкелді ме? Рас па? Бірақ оны ұсынған ол емес. Қазір оның жағдайы қиын. Былтырғы жыл естеріңізде болар, оған қазір камбэк қажет, ұпай жинау керек. Әңгімесі үшін – бір ұпай. Бұл шындыққа жанаспайды. Оның Чавеспен жекпе-жегі – жәй ғана бизнес. Екеуіне де рингке оралу керек. Кімнің жеңіске жететінін білмеймін», - деді Головкин Fino Boxing тілшісіне.

<span>Айта кетейік, Альварес Чавесті, ал Головкин Дэниэл Джейкобсты жеңсе, боксшылар биыл қыркүйекте кездеседі деп күтілуде.</span>

<span>Ал Головкин - Джейкобс кездесуі 18 наурызда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл бокс кешін «Қазақстан» мен KazSport телеарналары көрсетеді. Головкиннің жекпе-жегі наурыздың 19-да Астана уақытымен сағат 08:00-де басталады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или