Геннадий Головкин: Альварес құрметке лайық емес боксшы

Геннадий Головкин: Альварес құрметке лайық емес боксшы

Қазақстандық кәсіпқой боксшы үлкен «мегафайт» үшін салмақ тастауға дайын екенін айтты.

- Флойд Мэйвезер – ұлы боксшы. Онымен кездесу үшін мен 154 (66 келі) немесе 160 (69 келі) фунтқа ауысуға дайынмын. Ол әлемнің ең үздік боксшысы (Pound for Pound).  

Ал «Канело» болса құрметке лайық емес. Себебі менімен жекпе-жектен қашып жүр. Ол - өзімшіл, сөзінде тұрмайды.  

- Мен ауыр боксшы емеспін, жаттығу кезіндегі салмағым 164-165 (74келі) фунтты құрайды. Әрине, егерде жоғары салмақ дәрежесіндегі боксшылардан жақсы ұсыныс түсіп жатса, мен қуана-қуана келісемін, - деді қазақстандық боксшы «First Take» бағдарламасында. 

Естеріңізге сала кетсек, Головкин 18-ші наурыз күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында америкалық былғары қолғап шебері Дэниел Джейкобспен жұдырықтасады. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или