Вавринка Дубайдағы турнирдің алғашқы айналымында ұтылды
Dubai Duty Free Tennis Championships турнирінің былтырғы жеңімпазы Стэн Вавринка осы турнирдің алғашқы айналымында Дамир Джумхурға есе жіберді.
Босниялықпен болған кездесу 6:7 (4:7), 3:6 есебімен аяқталды.
Әлемнің үшінші ракеткасы Australian Open турнирінің жартылай финалында Роджер Федерерге ұтылғаннан соң бір ай көлемінде кордқа шықпаған болатын.
Джумхур екінші айналымда Марсел Гранольерспен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или