Кіші Чавес: «Канело Головкиннен қашқақтап жүр»
Мексикалық боксшы кіші Хулио Сесар Чавес отандасы Сауль Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасында өтуі мүмкін жекпе-жек жайлы пікірін айтты.
Айта кетейік, мамырда Чавес пен Альварес рингте өзара кім мықтыны анықтайды.
«Канело Головкиннен қашқақтап жүр деп санайтын жанкүйерлермен келісемін. Расымен де жұдырықтасқысы келсе, келісім-шартқа қол қоятын еді. Бірақ келісім-шарт әлі жоқ», - деді кіші Чавес Villainfy Media-ға берген сұхбатында.
Айта кетейік, Альварес Чавесті, ал Головкин Дэниэл Джейкобсты жеңсе, боксшылар биыл қыркүйекте кездеседі деп күтілуде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или