Монсон адам өлтіргені үшін сотталған ресейлікпен жекпе-жек өткізеді

Монсон адам өлтіргені үшін сотталған ресейлікпен жекпе-жек өткізеді

Америкалық аралас жекпе-жек шебері Джефф Монсон «Битва титанов» турниры аясында ресейлік Максим Новоселовпен кездесу өткізеді. Турнир 22-ші сәуір күні Курскте өтпек, деп хабарлайды «Интерфакс».

Ұйымдастырушылардың бірінің сөзіне қарағанда, Монсон келісімшартқа қол қойған және спортшы сыйақысын алады.

«Джефф оңай жеңіске жетуге дәмелі. Себебі, Максим 14 жыл бойы қамауда болған. Әрине, ол жаттығудан қол үзген жоқ. Бірақ, Монсонның тәжірибесі басымырақ.», — деді ұйымдастырушы.

Новоселов — жауынгерлік самбодан Еуропа чемпионы. 1993 жылы адам өлтіргені үшін 14 жылға сотталған. 2004 жылы спортшы бостандыққа шықты. 2012 жылы ол анаша сатқаны үшін тағы 3,5 жыылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или