Желіде Уайлдер мен Бризил арасындағы қонақ үйде болған төбелестің видеосы пайда болды
WBC тұжырымы бойынша супер ауыр салмақтағы әлем чемпионы Деонтей Уайлдер (38-0, 37 КО) мен Доминик Бризил (18-1, 16 КО) Алабамадағы Westin Birmingham қонақ үйінде сөзге келіп, төбелеске дейін барды, деп хабарлайды BoxingScene.com.

Оқиға қонақ үйдің холлында болған. Бұл холлдағы бокс кешінде екі боксшы да нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Бризил мен Уайлдердің бауыры - Марселлос Уайлдер сөзге келіп, бір-бірін итере бастаған.
Екеуара қақтығыс қонақ үй сыртында да жалғасқан. Деонтей де оқиға орнына келіп, жағдайды ушықтырып жіберген. Екіжақ полицияның араласуымен ғана тәртіпке келген.
Деонтей Бризилдің өзі келіп соқтығып, оның бауырымен сөзге келіп қалғанын айтса, Бризил Деонтейдің командасы оған және оның командасына келіп, төбелес шығарғанын айтты.