Қытайлық қазақ Азияның үздік боксшысы дәрежесін қорғап қалды
ҚХР Юньнань провинциясы Куньмин қаласында кәсіби бокстан жеңіл салмақтағы (53,5 келіге дейін) Қытай чемпионы 23 жастағы Елшат Нығматоллаұлы WBO тұжырымы бойынша Азия чемпионы белбеуін сәтті қорғап қалды, деп хабарлайды қазақстандық басылымдар.
Боксшы 37 жастағы филиппиндық Джаяр Эстреместі 6 раундта ұпай санымен ұтты. Бұл оның кәсіби рингтегі 10-шы жекпе-жегі. Қандасымыз барлық жекпе-жегінде жеңіске жетсе, оның екеуін нокаутпен ұтқан.
«Бұл айқаста мен чемпиондық белдігімді қорғап қалдым. Енді осы жылы сәуірдің соңында Аомэнге, сосын АҚШ-қа баруды жоспарлаудамын», - деді Елшат.

Естеріңізге салайық, Қытайда кәсіби ринг чемпиондарының көпшілігінің отаны ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Алтай округінің Каба қаласы болып табылады. Ол жерде боксшыларды Мұрат Бошайұлы жаттықтырады. Ол Елшат Нығматоллаұлын, Бейсен Насиоллаұлын және Қанат Исламды жаттықтырған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или