Головкин мен Джейкобстың допинг-тест нәтижесі жарияланды

Головкин мен Джейкобстың допинг-тест нәтижесі жарияланды

WBC президенті Головкин - Джейкобс кездесуінің қарасаңындағы допинг-тест нәтижесін жариялады.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс жекпе-жек алдында допинг-тест тапсырды.
WBC президенті Маурисио Сулейманның айтуынша, спортшылардың денесінен тыйым салынған дәрілер табылмады.

«WBC допинг-тест нәтижелерін VADA ұйымынан алды. Сарапшы мамандардың қорытындысы бойынша екі спортшы да допингтен таза болып шықты», - деді Сулейман твиттердегі ресми парақшада.

Головкин мен Джейкобстың допинг бақылауын «Таза бокс» жобасы аясында америкалық VADA ( Допингке ерікті тесті өткізу қауымдастығы) ұйымы өткізді. Боксшылар кездейсоқ тестілеуге ұшырауы мүмкін. Сондықтан жекпе-жек алдында тағы бір үлгі тапсыруы ықтимал.


Назар салыңыздар, VADA қауымдастығын WADA антидопингтік агенттігімен шатастырмаңыз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или