Галина Воскобоева Будапеште финалда ұтылды
Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Будапеште өткен теннис турнирінің финалында жеңіліп қалды.
Ол австралиялық Арино Радионовамен бірге жұптасып өнер көрсеткен болатын. Финалда оларға Оксана Калашникова мен Шу-Вэй Ксих жұбы қарсылас атанды.
Екі сеттен соң есеп 1-1 болатын. Кездесу тағдыры супертайбрейкте шешілді. Он ұпайға дейінгі ойында сәттілік Шу-Вэй Ксих/Калашникова жұбына серік болды. Жалпы ойынның есебі 6:3, 4:6, 10:4.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или