Шаңғышылар ел қоржынына тағы екі медаль қосты
Сергей Черепанов пен Николай Чеботько шаңғымен жарыста еркін әдіс бойынша 30 шақырымға масс-стартта екінші және үшінші орын алды.
Отандастарымыз жарыс бойы көш басында болды. Олардың жалғыз қарсыласы - жапониялық Акира Лентинг еді. Ол Черепановтан секундтан да аз уақытқа озып кеткен. Бірақ, қорытынды нәтижелер бекітілген құжатта екеуінің нәтижесі бірдей жазылған.
Қола медаль Чебатькоға бұйырды.
Осымен шаңғымен жарыс бағдарламасы аяқталды. Құрама сапында жалғыз алтынды Ринат Мухин алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или