Астанада «Қыс өрнегі» шаңғы фестивалі өтті

Астанада «Қыс өрнегі» шаңғы фестивалі өтті

Астанада Есіл өзенінде ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне орайластырылған «Қыс өрнегі» шаңғы фестивалі өтті. 

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
 
Елорда әкімдігінің қолдауымен 17-ші рет ұйымдастырылған дәстүрлі шараға ұлттық спорт федерациясының өкілдері, оқушылар мен студенттер, мемлекеттік құрылымдардың, кәсіпорындардың қызметкерлері, қала тұрғындары қатысты. 
 
Ең кішкентай қатысушының жасы 11-де, ең үлкені 60 жаста. Шаңғы фестивалін елорда әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев ашты. Қатысушылар 1 км және 3 км қашықтықта күш сынасты. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или