Мейірім Нұрсұлтанов рингке қашан оралатынын айтты
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (1-0-0) profiboxing.kz сайтына берген сұқбатында рингке қашан оралатыны жайлы айтты.
— Келесі жекпе-жекке қай уақытқа жоспарланға?
— Бұйырса, 15-ші сәуір күні Коннектикутеде жекпе-жек өткіземін.
— Қарсыластың есімі белгілі ме?
— Қарсылас жайлы мәлімет жоқ.
— Жаттығуды қашан бастайсыз?
— Жаттығу ешқашан тоқтап қалмайды. Әзірге қарқынды жаттығу жасап жүрген жоқпыз.
— «Астана Арланстың» кездесулерін көруге мүмкіндік бар ма?
— Уақыт айырмашылығына байланысты, көруге мүмкіндік жоқ.
— Жазда ЭКСПО аясында Қазақстанда бокс кеші ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Сізге ұсыныс түскен жоқ па?
— Жоқ, әзірге бұған қатысты ұсыныс алмадым.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или