«Қанат, чемпиондық жекпе-жек қашан?»

«Қанат, чемпиондық жекпе-жек қашан?»

Әуесқой мен кәсіпқой бокста да жақсы нәтиже көрсетіп жүрген боксшыларымыз шамалы. Геннадий Головкин мен Қанат Ислам ғана бірден еске түседі. «Трипл Джиді» әлем мойындаса, «Қазақты» әзірге бәрі біле бермейді.

Әрине, қазақстандық жанкүйерлер Исламға бұрыннан бері жанкүйер. Тіпті Қытай намысын қорғап жүрген кезінде де Қанат өзінің туған елін сағынып жүрді. Әуесқой бокста Қазақстан атынан шықпаса да, кәсіпқой рингте көк туымызды талай рет биікке көтерген. 

«Астана Арландары» сапында керемет өнер көрсеткен Қанат 2012-ші жылы елордалық клубтың керемет ұсынысынан бас тартып, кәсіпқой боксқа ауысқан болатын. Ислам аса танымал емес промоутерлік компаниямен келісімге отырып, өз жекпе-жектерін АҚШ-та емес, Доминиканы елінде өткізе бастаған. 

Оңтүстік Америкада жерлесіміз көбінде әлсіз боксшылармен жұдырықтасты. Доминика немесе Колумбия елінің былғары қолғап шеберлерін Қанат еш қиналмай ұтатын.

e2de1c8dd04c2b24c71771c1b4da6b95.jpg

Үш жыл бойы Колумбия не Доминиканы аралдарына жұдырықтасқан Ислам тек 2015-ші жылы ғана АҚШ-қа бет бұрды. Жасы 30-да. Сонда да қарсыласы әлсіз боксшы еді. Онда отандасымыз 15 рет жеңіп, 7 рет ұтылған доминикандық боксшы Джонатан Батистаны техникалық нокаутпен жеңген еді. 

Араға бір жыл салып Флорида штатында Қанат колумбиялық боксшы Хуан де Анхельмен кездесті. Бұл жолы да Ислам еш қиындықсыз жеңіске жетті.

Ал қандасымыздың әзірге ең мықты қарсыласы ганалық Патрик Аллотей болып есептеледі. Африкалық боксшы  кәсіпқой бокста 34 рет жеңіп, 2 рет қана ұтылған болатын. Аталмыш кездесу Алматыда жаңадан ашылған «Алматы Аренада» өткен тұғын. Жанкүйерлерге лық толы жаңа спорт кешенінде Қанат өз қарсыласын әрең ұтқаны әлі есімізде. Бұған дейін нокаутпен жеңіп үйренген Ислам бұл жолы төрешілердің шешімін күтті. Қазылар алқасы жеңісті біздің боксшымызға бұйырды. Осылайша, Ислам WBO Inter Continental чемпиондық белбеуіне қол жеткізді. Айта кетер жайт, бұл тұжырым бойынша толыққанды чемпион – мексикалық Сауль Альварес.

Жақында ғана «қазақ» АҚШ-та бразилиялық Робсон Ассисті нокаутпен жеңген болатын. Қабағын жарып алғаны болмаса, Ислам бұл айқаста аса қиналған жоқ.

384ef4dd5dc63d349a933ff814b4c948.jpg

Енді барша қазақстандықтарды мазалайтын сұрақ - Қанаттың чемпиондық жекпе-жегі қашан?

Бұл сұраққа жауап беру қиын. Себебі, Исламның промоутерлері АҚШ-та аса танымал емес. Яғни, жұлдызды қарсыластарды шақыру өте қиын. Бұған қоса, Қанат нақты бір арнада жұдырықтасып жүрген жоқ. Мәселен, Головкиннің НВО арнасымен эксклюзивті келісімшарты бар.

Жалпы 69 келі салмақ дәрежесінде басты жұлдыз – бұл «Канело». Әрине, Генаның өзі мексикалықпен жұдырықтаса алмай жүрсе, Қанаттың бұл жекпе-жекке шығуы қаншалықты мүмкін дейсіз ғой. 

Есесіне, жерлесіміз үшін басқа да мықты боксшылар табылады. Альварестен кейін бұл салмақта ең мықты боксшы – кубалық Эрисланди Лара. Неге осы боксшымен келісіп көрмеске? Сондай-ақ, Андраде, Котто, ағайынды Чарло және басқа да мықты боксшылар жетерлік. 

bf272d537cc752c33b06fa84d83ab086.jpg

Ислам қазір 32 жаста. Бес жыл ішінде ол 23 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Бірақ айтарлықтай үлкен жеңісі жоқ. Қарсыластарынан тек Патрик Аллотейді ғана атап өтуге болады. Әзірге 69 келінің үздік боксшыларымен Қанат жұдырықтасқан емес. Бұл шындық. 

Исламға бұдан былай мықты қарсыластарды іздестірген дұрыс, тек сол жағдайда ғана оны тек Қазақстан емес, барша әлем мойындайды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или