Галина Вишневская тағы да алтын!
Қазақстандық спортшы Галина Вишневская Саппородағы Азия ойындарында екінші алтын жүлдесіне қол жеткізді.
Вишневская әйелдер арасында 10 шақырымға спринтте қарсылас шақ келтірмеді. Екінші орынды қытайлық Ян Жан иеленсе, отандасымыз Дарья Усанов қола жүлдені місе тұтты.
Естеріңізге сала кетсек, Вишневская кеше спринтерлік сайыста топ жарған болатын. Ал бүгін еркектер арасында спринт сайысында Ян Савицкий күміс медаль алды. <span id="ctrlcopy"><br /><br /><br /></span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или