Британиялық боксшы Жақияновты жекпе-жекке шақырды

Британиялық боксшы Жақияновты жекпе-жекке шақырды

Британиялық боксшы Райан Барнетт биыл қазақстандық Жанат Жақияновпен жұдырықтасқысы келетінін айтты.

«Жақияновпен бірге Рикки Хаттонның қол астында жұмыс істегенбіз. Ол мығым боксшы, дивизиондағы көптеген боксшылар одан қашқақтайды. Бірақ мен бұл жекпе-жекті қалаймын және жеңе аламын деп ойлаймын», - деді Барнетт.

Айта кетейік, Барнетт кәсіпқой рингте 15 кездесу өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтаған. Тоғыз жекпе-жекті мерзімінен бұрын тәмамдады.

Ал Жанат Жақиянов 28 кездесудің 27-сін жеңген. 18 жекпе-жекті нокаутпен ұтты. Соңғы кездесуінде америкалық Роши Уорренді жеңіп, ең жеңіл салмақта WBA Super және IBO титулдарын еншілеген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или