Кіші Чавес: «Альварес Головкиннен қорыққандықтан мені таңдады»

Кіші Чавес: «Альварес Головкиннен қорыққандықтан мені таңдады»

Мексикалық боксшы кіші Хулио Сезар Чавес отандасы Сауль Альварестің не себепті қарсылас ретінде Головкинді емес өзін таңдағанын айтты. Бұл туралы Егемен Қазақстан жазды.

«Көбісі «Канелоны» қазақстандық боксшыдан қорқады деп ойлайды, мен де солай есептеймін. Мені таңдағанының себебі қолымнан жарақат алғандықтан Головкинге қарағанда жылдам қозғала алмаймын. Сондай-ақ, GGG қиын қарсылас болғандықтан мені таңдаған болуы керек», – деді Fight Hub Tv-ға берген сұхбатында.

Айта кетейік, Сауль Альварес 2015 жылдың қарашасында пуэрториколық Мигель Коттоны жеңіп, WBC тұжырымының жаңа чемпионы болғаннан кейін Головкиннің міндетті қарсыласы атанған. Алайда, мексикалық боксшы өткен жылдың мамыр айында аталған белбеуді еш қарсылықсыз қазақстандыққа беріп, өзі басқа салмаққа ауысып кетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или