Туреано Джонсон: «Головкин - орта салмақтағы қорқыныштың бейнесі»
Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) қарсыласы болуы ықтимал багамалық Туреано Джонсон (19-1, 3 КО) Worldboxingnews.net-ке берген сұхбатында қазақстандық боксшы жайлы айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
- Біздің бәріміз GGG бүгінгі таңда орта салмақтағы қорқыныштың бейнесі екенін жақсы білеміз. Ол біздің замандағы ең қорқыныш туғызатын тұлға. Осы тұрғыда ол бәрін қалтыратады, тоқетері, «Темір» Майка Тайсонға ұқсас. Болмаса, Эвандер Холифилд немесе Бастер Дуглас. Ал Дэнни Джейкобстың бойында осы боксшылардың ерекше қыры кездесе ме? Шүбәм бар. Мүмкін ол бұлардың стиліне еліктеп те көрер. Оның соққылары күшті, үнемі қозғалыста және жүрегімен сезініп жұдырықтасады - бұл оған нокаутқа түсіруіне әсер етуі мүмкін», - деп есептейді Джонсон.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или