Ринат Мухин: «Жеңіске жетуге өзіме деген сенімділік көмектесті»
Шаңғышы Ринат Мухин Саппорадағы Азия ойындарындағы жеңісінен кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.
- Жарыс ауыр өтті, жол - қиынға соқты. Жарыс барысында біз төртеуміз бірге жүрдік. Жақсы жұмыс істедік және бұл өз нәтижесін берді. Мен жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Бұл - Азия ойындары.
- Универсиадамен салыстырғанда бұл жерде қиындау болды ма?
- Бізге бұл жерде екі жапониялықтың бар екенін айтты. Екеуі де әлем кубогының кезеңдерінде үздік 30-дықтың қатарынан көрініп жүр. Оларды бүгін басып оздық.
- Алматымен салыстырғанда бұл жерде қандай жағдай жасалған?
- Ауа-райы кері әсерін тигізді. Жел, қар бетіңе ұрады. Бұл жерде функционалды түрде дайын болу керек. Шаңғы бәрімізде бірдей жұмыс істеді. Алматымен салыстырсақ, Универсиадада спортшыларды жақсы қабылдады, қонақжайлылығымыз басымырақ болды. Бұл жерде Азиаданы кеңінен танытпаған сияқты. Универсиада әдәуір жақсы өтті.
- Жеңіске жетуге не көмектесті?
- Өзіме деген сенім.
Фото Ізтұрған Алдауевтікі