Коломина ел қоржынына тағы бір жүлде салды

Коломина ел қоржынына тағы бір жүлде салды

Саппорода өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық шаңғышы Елена Коломина ел қоржынына тағы бір медаль салды. 10 шақырым қашықтықтағы жекелей сында отандасымыз қола жүлдеге ие болды.

Жарыс басталғанна соңына дейін Коломина үшінші орыннан түспеді. Ал мәреге бірінші болып жапониялық Юки Кобаяши келсе, кореялық Чай-вон Ли «күміс» алды.

Жарысқа қатысқан басқа қазақстандық спортшылар тәуір нәтиже көрсете алмады. Марина Матросова – 7-ші (+1:55.1), Анжелика Тарасова – 8-ші (+2:06.9) және Дарья Ряжко – 11-ші (+2:55.4) орыннан көрінді.

Ертең шаңғышыларға демалыс беріледі.

 

Фото Изтұрған Алдауевтікі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или