ҰҚК Еркін Ізбасардың өзін-өзі ұрып-соққан видеосын жариялады
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері «ағайынды төртеу» ұйымдасқан қылмыстық тобының көшбасшысы Еркін Ізбасардың уақытша ұстау изоляторында өзін-өзі соққан видеоны жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«2016 жылдың 9 желтоқсанында криминалистикалық сараптама өткізу үшін күдіктінің саусақ іздерін алуға қаулы шығарылды. Қаулымен танысқаннан кейін Ізбасар адвокаттың көзінше бұл кіші процедурадан өтуден бас тартты. ҚР ҚПК-ға сәйкес, қажетті үлгілерді мәжбүрлі түрде алуға қаулы шығарылды. Бұл міндет Ақтөбе облыстық жазаны өтеу және Ақтөбе облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің КА-168/1 мекемесі қызметкерлеріне тапсырылды», - деп хабарлады ҰҚК өкілдері.
ҰҚК мәліметінше, мекеме қызметкерлері саусақ іздерін алып жатқан кезде Еркін Ізбасар өзін-өзі ұрып-соққан.

Естеріңізге салайық, 7 желтоқсанда Ақтөбеде арнайы қызмет өкілдері мұнай өңдеу зауытының аумағын қоршауға алып, Еркін Ізбасарды және бірнеше күдіктілерді тұтқындаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или