Еркебұлан Шумаханов: «Бұл менің алғашқы финалым болды»

Еркебұлан Шумаханов: «Бұл менің алғашқы финалым болды»

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының мүшесі Еркебұлан Шумаханов Азия ойындарындағы нәтижесі жайлы айтып берді.

- Жалпы, көрсеткен нәтижем жаман емес. «А» тобының финалына шықтым. Өкінішке қарай, жүлделі орынға іліне алмадым. Менімен бірге Олимпиада және әлем чемпиондары жарысты, соған қарамастан соңына дейін тырыстым. Тек соңғы айналымда ғана мені озып кетті.

- Соңғы айналымды есепке алмасақ, өте керемет өнер көрсеттіңіз...

- Қарсыластарым тәжірибелі болды, соның арқасында олар мені соңғы айналымда артта қалдырды. Бұл менің алғашқы финалым. Олар болса мұндай деңгейде жиі өнер көрсетеді.  

- Нәтижеге көңіліңіз толды ма?

- Иә, көңілім толды. 

Естеріңізге сала кетсек, Шамуханов 1500 метрге қашықтыққа сайыста бесінші орын алған болатын.

Фото Данияр Майлыбаевтікі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или