Мадияр Әшкеев: «Чемпиондық белбеу үшін тартысу әлі ерте»

Мадияр Әшкеев: «Чемпиондық белбеу үшін тартысу әлі ерте»

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев Prosports тілшісі Қайсар Оқасқа берген сұхбатында Калифорниядағы өмірі жайлы айтып берді.

- Аллаға шүкір, бәрі жақсы, - деп бастады әңгімені Мадияр. - Келесі жекпе-жегіме тыңғылықты дайындалудамын. Қарсыласым – америкалық Шон Кэмерон. Кәсіпқой бокста 10 рет жеңіске жетіп, 2 рет ұтылған екен.

Калифорниядағы өмірге үйреніп алдым. Бала-шағамда үйренді. Туған туыстарымды сағынғаным болмаса, қиналып жүрген жоқпын. Ауа-райы жаттығу жұмыстарына қолайлы. Тұрып жатқан жерімде мексикалықтар өте көп. Тілді де ақырындап меңгеріп келемін, бос уақытымда тіл үйреніп жүрмін.

946fba812ac48ab17b328f8e71a6b210.jpg

Роберт Гарсия (белгілі америкалық бокс маманы - Prosports) бапкерім болған, бірақ ол қазір өзінің басқа екінші залына кетіп қалды. Қазіргі таңда, Марко мен Сисилио деген бапкерлердің қол астында жаттығып жүрмін.  

Геннадий Головкинді сирек көремін, себебі ол басқа қалада тұрады. Жақында Жанат Жақияновтың жекпе-жегін тамашаладым, өте жақсы өнер көрсетті. Ұтатынына сенімді болдым, бірақ 1-ші раунд мені кішкене қобалжытты.

Америка бокс отаны дейсіз бе? Бұл туралы нақты ештеңе айта алмаймын, алайда мұнда кәсіпқой боксшылар көп. Кәсіпқой бокстың әуесқойдан айырмашылығы көп. Ең негізгі ерекшелік – кәсіпқой бокс тікелей бизнеспен байланысты.

Эгис Климастың (Әшкеевтің менеджері - Prosports) командасы жақсы нәтиже көрсетуде – бұл рас. Менің чемпиондық кездесуге шығуыма әлі ерте, рейтинг жинауым қажет. Қай уақытта чемпиондық белбеу үшін тартысатынымды менеджер мен промоутерім шешеді. Өзбасым бәріне дайынмын.  

01708a91812d2421fb65fd9232eb96ff.jpg

Нақты бір боксшымен жұдырықтасқым келеді деген мақсатым жоқ. Арманым – барлық чемпиондық белбеулерді жеңіп, туған еліму қайту. 

Естеріңізге сала кетсек, Мадияр Әшкеев 15-ші сәуір күні АҚШ-тың Коннектикут штатында жергілікті боксшы Шон Кэмеронмен күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или