Азиада-2017. Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

Азиада-2017. Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азиадада әйелдер арасында классикалық стильдегі спринттік жарыс өтті.

Бұл сайыста қытайлық Дандан Ман жеңіске жетсе, күміс медальді қазақстандық Елена Коломина еншіледі. Қола жүлдені аустралиялық Кэйси Райт алды.

Жарысқа Қазақстанның атынан Коломинадан бөлек Ангелина Шурыга Тамара Эбель мен Марина Матросова қатысқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или