Вирджил Хантер: «Джейкобс Головкинді ұта алады»
Белгілі бокс маманы Вирджил Хантер америкалық Дэниел Джейкобстың қазақстандық Геннадий Головкинді жеңуге шамасы жететінін айтты.
- Бұл жекпе-жек қалай аяқталатынын нақты айта алмаймын. Мен білетінім бұл керемет айқас болады. Головкиннің кім екенін бәріміз жақсы білеміз. Ол - мықты боксшы, жекпе-жекке сақадай сай дайын. Дэннидің физикалық дайындығы тамаша, ол Геннадийге төтеп бере алады. Джейкобс психологиялық тұрғыда бұл кездесуге дайын болуы қажет. Оның бокс қабілетін ескерсек, Головкинді ұтуға шамасы жетеді, - деді Хантер BoxingScene сайтына.

Естеріңізге сала кетсек, Джейкобс пен Головкин арасындағы жекпе-жек наурыздың 18-і, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или