Қанат Ислам: «Жарақаттан соң жекпе-жекті бірден аяқтау керек болды»
Бірінші орта салмақта WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам (23-0-0, 19 КО) бразилиялық Робсон Ассиспен болған жекпе-жекке қатысты ойымен бөлісті. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
«Құрметті Қазақ елі, қазақстандықтар! Сіздерге алғысым шексіз. Екі телеарнадан менің жекпе-жегімді көрсетті, соған қуаныштымын! Бұл жекпе-жек, өздеріңіз көрдіңіздер, бірінші раундта аяқталды. Өйткені бірінші раундта жарақат болғаннан кейін, маған бірден бұл жарысты аяқтау керек болды, себебі екінші раундта жұдырықтасуды тоқтатып жіберу де мүмкін еді. Сондықтан бірінші раундта барымды салып, аяқтатуға тырыстым. Барлығы біздің команданың жоспарлағанындай болды», - деді ол Робсон Ассиспен өткен жекпе-жектен соң берген сұxбатында.
Айта кетейік, бүгін Уилмингтон қаласында (АҚШ, Делавэр штаты) WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы, бірінші орта салмақтағы Қанат Ислам (22-0-0, 18 КО) мен бразилиялық Робсон Ассис (17-4-0, 9 КО) арасында кездесу өтті. Бірінші раундтың басында Қанат Ислам қабағын жарып алған болатын. Абырой болғанда, Қанат қарсыласын екінші раундтан асырмай, бірінші раундтың соңында сұлатып салды