СҚО әкімі Жанат Жақияновқа үш бөлмелі пәтер сыйлады

СҚО әкімі Жанат Жақияновқа үш бөлмелі пәтер сыйлады

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов қазақстандық боксшы Жанат Жақияновты жарқын жеңісімен құттықтады.

СҚО мәдениет және дене шынықтыру басқармасының баспасөз хатшысы Анна Фролованың мәлімдеуінше, облысы әкімі Жанатқа үш бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. 

«Жанат Жақияновтың чемпиондық титулды жеңуі оған Бейбіт Шүменовты озып, Геннадий Головкинмен бір қатарда тұруға мүмкіндік берді. Боксшымыздың жеңісінен кейін еліміз кәсіпқой бокстан ең үздік бес мемлекеттің қатарына кірді», - деді облыс басшысы.

Жанат Жақиянов болса облыс әкімі Ерік Сұлтановқа өзінің былғары қолғабын сыйлады.  

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық боксшы өткен аптада америкалық Роуши Уорренді ұтып, аса жеңіл салмақ дәрежесінде WBA Super/IBO тұжырымдары бойынша жаңа әлем чемпионы атанды. 

9c302d563bae03deac4a6006ea2001fc.jpg

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или