Кукушкин Memphis Open жарысының екінші айналымына өтті

Кукушкин Memphis Open жарысының екінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Мемфис турнирінің бірінші айналымынан сүрінбей өтті.

Жерлесіміз екі сеттық теке-тіресте германиялық Бенджамин Беккерді 6:3, 6:4 есебімен ұтып, екінші айналымға шықты. Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылды. Әлемнің 103-ші ракеткасы, 29 жастағы қазақстандық теннисші бес брейк-пойнт және бір эйс көтерді. Ал оның қарсыласы 35 жастағы германиялық теннисші әлемдік рейтингте 139-шы орында. Қазіргі таңда Кукушкин - Беккер жеке кездесулерінің есебі 1-1.

Айта кетейік, Memphis Open турнирінің екінші айналымында сальвадорлық  Дэриан Кингпен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или