Жанат Жақиянов: «Яманака? Бұл тамаша жекпе-жек болар еді»

Жанат Жақиянов: «Яманака? Бұл тамаша жекпе-жек болар еді»

Аса жеңіл салмақ дәрежесінде WBA Super/IBO чемпионы қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов Астанада өткен баспасөз-мәслихатында өзінің болашақ жоспарымен бөлісті. 

- Маған ақша маңызды емес, менің ең басты мақсатым - әлем чемпионы атану болды. Уорреннен ұсыныс түскен сәтте ойланбастан келістім. Ақша мәселесін қозғаған жоқпын. Бар ойым оның екі чемпиондық белбеуінде болды. 

Бұрын әуесқой бокспен айналасқанмын, бірақ онда үлкен нәтиже көрсете алмадым. Артынша, кәсіпқой боксқа ауысып Рикки Хаттоның қол астында біраз белестерді бағындыра бастадым. Бұл кісіні кездестіргеніме өте қуаныштымын. 2013-ші жылдан бері бірге жұмыс істеп келеміз. Одан біраз нәрсе үйрендім.

Менің келесі қарсылас кім болатынын әзірге айта алмаймын. Бәлкім, WBA Regular чемпионы британиялық Джейми Макдоннелмен жұдырықтасамын. Синсука Яманака дейсіз бе? Бұл өте тамаша жекпе-жек болар еді. Жапониялық боксшымен белбеуді қуана-қуана біріктірер едім. Алдағы уақытта көре жатармыз. Ең бастысы өз еліме чемпиондық белбеу сыйладым.   

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или