Макгрегор мен Мейуезер миллиондық келісімге келді

Макгрегор мен Мейуезер миллиондық келісімге келді

UFC чемпионы Конор Макгрегор мен бокстан бес салмақ дәрежесіндегі экс-әлем чемпионы кіші Флойд Мейуезер жекпе-жектің қаржылық келісіміне келе алды, деп хабарлайды «Р-Спорт», The Irish Sun басылымына сілтеме жасап.

Дереккөздің ақпараты бойынша, бірнеше айға созылған келіссөздердің нәтижесінде Конордың командасы келісімшарттың қаржылық жағдайын бүге-шүгесіне дейін жасап шыққан. Спортшылар миллиондық келісімге келген. Ресми түрде әлі жекпе-жек хабарланбады. Бірақ, алдағы екі аптада кездесудің ресми аңдатпасы шығады деп күтілуде.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или