Биатлоншылардың допинг-сынамасы теріс нәтиже көрсетті

Биатлоншылардың допинг-сынамасы теріс нәтиже көрсетті

Қазақстандық спортшылардың допинг-сынамасы теріс нәтиже көрсетті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы хабарлады.

«Сынамалар Австрияда алынған. Біз кеше допингке қарсы ұйымнан алдын-ала хабарлама алдық. Олар біздің спортшылардың сынамасы теріс нәтиже көрсеткенін айтты. Қазір біз WADA-дан ресми хат күтудеміз», — деді Мұхамедиұлы.

Естеріңізге сала кетейін, Австрияның құқық қорғау органдары 8-ші ақпан күні Қазақстан құрамасы орналасқан қонақ үйде іздеу жұмыстарын жүргізіп, көптеген медициналық дәрі-дәрмек пен тиым салынған дәрумендер тапқан болатын. Қазіргі күні табылған дәрі-дәрмектер Австрия ұлттық допингке қарсы ұйымына (NADA) берілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или