Жақиянов Boxing Scene рейтингісінде екінші орынға көтерілді
Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) америкалық Роши Уорренды (14-2, 4 КО) жеңгеннен кейін, Boxingscene.com рейтингісінде өз позициясын жоғарылатты.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, жеңіл салмақта WBA Super титулын иемденген Жақиянов тоғызыншы орыннан екіншіге көтерілді. Уоррен жеңілгеніне қарамастан екінші орыннан тек бір позицияға төмен сырғыды. Бұл рейтингіде WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы, британиялық Джейми Макдоннелл (29-2-1, 13 КО) көш бастап тұр.
Еске сала кетейік, Уоррен бірінші раундта қазақстандық былғары қолғап шеберін 2 мәрте нокдаунға жіберген. Алайда 12 раундық кездесудің қорытындысы бойынша төрешілер Жанат Жақияновқа басымдық беріп, жеңімпаз деп тапты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или