Джейкобс: «Мен өз өмірім үшін күрескенмін, сондықтан кездесуге де дайынмын»
Орта салмақта WBA (Regular) титулының иегері Дэниэл Джейкобс Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жекке дайындық барысында журналистердің сұрақтарына жауап берді.
«Ол өзіне соққы жасатпайтыны анық. Мен оның бұрынғы қарсыластарына қарағанда басқа жігітпін, ол осы қауіпті түсініп отыр. Менің оған соққы жасауыма мүмкіндік бермейді деп ойлаймын. Маған қарсы кездесуде қолыңызды түсіріп жүрсеңіз, ақымақ болғаныңыз. Өзімнің ең үздік қалпымда боламын, бұл менің мансабымдағы ең үздік лагерь болды. Жұмыс жақсы жүріп жатыр, көп нәрсені үйрендім. Мен өз өмірім үшін күрескен адаммын, сондықтан бұл жекпе-жекке дайынмын», - деді Джейкобс Aleetboxing-ке берген сұхбатында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или