Елдос Сметов әлем рейтингінде төмендеп қалды
«Grand Slam» Paris 2017 жарысы аяқталған соң IJF рейтингі жаңартылды, деп хабарлайды prosports.kz.
Сіздердің назарыңызға татами шеберлерінің жаңа рейтингін ұынамыз.
60 келі салмақта көшбасшы болып тұрған қандасымыз Елдос Сметов бірінші орыннан төртінші орынға түсіп қалды. Бұл салмақта «Grand Slam» Paris 2017 жарысының жеңімпазы жапониялық Нахиса Такато бірінші орынға көтерілді.

66 келі салмақтағы әйгілі кореялық балуан Ан Баул рейтингтегі көшбасшылықты сақтап қалды.

73 келі салмақта үшінші орында тұрған Шохей Ононны кореялық спортшы Ан Чагрим ығыстырды. Бұл салмақтың үздігі әзірбайжандық Рустам Оруджов өз орнын сақтап қалды.

81 келі салмақтың патшасы жапониялық Таканори Нагасе болса, 17 орыннан 5 орынға көтерілген голландиялық балуан Франк Де Вит кіші ерлік жасады.

90 келі салмақта Рио - 2016 Олимпиадасының чемпионы атанған жапониялық Масю Бейкер татамиге ұзақ уақыт бойы шықпаса да рейтингті бастап тұр.

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде көшбасшы ауысты: бірінші орындағы әзірбайжандық дзюдошы Эльмар Гасимов франциялық Сириль Маремен орын алмасты. Олимпиада жеңімпазы Лукаш Крпалек үздік үштікте қалса, жерлесіміз Максим Раков үздіктер қатарында мүлде жоқ.

Аса ауыр салмақта өзгеріс болмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или