Хаттон Жақиянов - Уоррен қарымта кездесуін ұйымдастыруға қарсы емес
Қазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың бапкері әрі промоутері Рикки Хаттон шәкіртінің америкалық Роуши Уорренге қарсы жекпе-жегі жайлы айтып берді.
- Алғашқы раундттағы екі нокдаун бізді таң қалдырды. Кейін Жанатқа онымен жақын арақашықтықта жұдырықтас дедім. Ол бұл мақсатын жақсы орындады. Уоррен өзін жеңімпаз санайды. Әрине, оған екі нокдауннан кейін жеңілісті мойындау қиын. Қарымта кездесу дейсіз бе? Мен қарсы емеспін, - деді Рикки Хаттон BoxingScene сайтына.
Естеріңізге сала кетсек, Жанат Жақиянов кеше америкалық Роуши Уорренді ұтып, WBA тұжырымы бойынша жаңа әлем чемпионы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или