Головкин не үшін атақты боксшылармен жұдырықтаспайды?

Головкин не үшін атақты боксшылармен жұдырықтаспайды?

Абель Санчес «Геннадий Головкин атақтылармен жұдырықтаспайды» деп сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды baq.kz. <br /><br />Головкиннің бапкері басты проблема ретінде қаражаттың жоқтығын атады. Айтуынша, аты шыққан боксшылар Головкинмен жұдырықтасу үшін көп қаражат сұрайды. <br /><br />«Меніңше, мұнда мәселе ақшаның жоқтығында. Олар қорықпайды. Бұл бизнес тұрғысындағы жайт, себебі рингке көтерілгеніңде ешкімнен қорықпайсың, бірақ сыйақысы тым аз. Бұл біз үшін ең маңызды жағдай болмауы керек. Біз жекпе-жекке дайындалып, әсерлі жеңістер сыйлаймыз, келесі жекпе-жекке дайындалып, тағы да жеңіске жетеміз. Меніңше, уақыт өте келе бұл жағдай өзгереді», - деді Санчес. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или