Абель Санчес: «GGG атақтылармен неге кездеспейді? Себебі, ақша жоқ»
Бапкер Абель Санчес Геннадий Головкин атақтылармен жұдырықтаспайды деп сынағандарға жауап берді.
Tengrinews.kz порталының хабарлауынша, ол басты порблема деп қаражаттың жоқтығын атады. Аты шыққан боксшылар Головкинмен жұдырықтасу үшін көп қаражат сұрайды екен.
«Бокстағы аты шыққан боксшылармен жұдырықтаспайтынымыз жайлы сын көп айтылады. Меніңше, мұнда мәселе ақшаның жоқтығында. Олар қорықпайды, оған сенімдімін. Бұл бизнес тұрғысында болып отырған жайт, себебі рингке көтерілгеніңде ешкімнен қорықпайсың, бірақ сыйақысы тым аз. Бұл біз үшін ең маңызды жағдай болмауы керек. Біз жекпе-жекке дайындалып, әсерлі жеңістер сыйлаймыз, келесі жекпе-жекке дайындалып, тағы да жеңіске жетеміз. Меніңше, уақыт өте келе бұл жағдай өзгереді», - деді Санчес.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или