Сауль Альварес: «Головкинге жекпе-жек жайлы ұсыныс жасадық»
Мексикалық боксшы Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы өтуі мүмкін кездесу жайлы пікірін айтты.
«Менің ойым – Чавестен кейін Головкинмен жұдырықтасу. Бұл жекпе-жекті ұйымдастыру үшін оған ұсыныс жасадық. Бірақ қарсыластар қашан да лайықты сомадан көп сұрайды. Олар көп ақша алуды қалайды, ал бұл бәрін қиындатып жібереді. Бірақ біз ұсыныс жасадық, кездесуді биыл ұйымдастыру үшін оны қабылдайтын уақыт келді», - деді Канело.
Айта кетейік, Канелоның командасы жекпе-жек үшін Головкинге 15 миллион доллар беруге дайын, алайда қазақстандық боксшы одан бас тартты – GGG кездесуден түскен табыстың пайызға бөлінуін қалайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или