БАҚ: Головкин мен Сондерс 10 маусымда Астанада кездеседі

БАҚ: Головкин мен Сондерс 10 маусымда Астанада кездеседі

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен британиялық Билли Джо Сондерс өзара келісімге келді.

Головкиннің промоутері Том Леффлер бұл ақпаратты жоққа шығарғанымен, кездесу Қазақстанда өтуге жақын. Жекпе-жек ЭКСПО-2017 қарсаңында Астанада 10 маусымда болуы ықтимал. Мұндай ақпаратты First Class Boxing твиттері, ESPN журналистері мен шетелдік бірнеше дереккөздер хабарлап жатыр.

Қаңтардың басында америкалық БАҚ өкілдері осы жекпе-жектің ЭКСПО-2017 аясында жазда Қазақстанда өтетенін хабарлаған. Мұны әлемдік көрменің баспасөз-қызметі растаған еді. Ал Сондерс болса, жақында АҚШ немесе Ұлыбританиядан басқа жерде жұдырықтасатынын айтқан болатын. 

Головкин Сондерспен WBO титулы үшін кездеспек. Сол белбеуді өзіне алса, орта салмақтағы барлық титулдарды біріктіреді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или