«Grand Slam» Paris - 2017 жарысы басталды

«Grand Slam» Paris - 2017 жарысы басталды
 
Францияның Париж қаласында дзюдодан «Grand Slam» Paris - 2017 жарысы басталып, жеребесі тартылды.
 
Әлемнің ең мықты дзюдошылары жиналған додада Қазақстанның намысын Ғұсман Қыргызбаев, Асхат Тельманов, Абулхаир Мауленин, Мейржан Қалтаев және Елдос Жумаканов  қорғайтын болды.
 
Ғұсман Қыргызбаев (60 кг) дзюдодан әскери қызметкерлер арасында әлем чемпионы, 2016 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері. Жерлесіміз алғашқы белдесуін Диаз (АҚШ)- Петриков (Чехия) кездесуінің жеңімпазымен күш сынайды. Асхат Тельманов словениялық Матьяж Трбовичпен кездеседі. 66 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Абулхаир Мауленин 2016 жылғы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері «А» тобына белгіленген. Қандасымыз Тамаширо (Аргентина) - Ксюе (Қытай) кездесуінің жеңімпазымен бақ сынайды. Меиржан Қалтаев Қазақстан чемпионы «D» тобында орналасқан. Ол люсембургтік балуан Шмитпен күш сынайды. 73 келі салмақта ел намысын Елдос Жумаканов татами қожайыны Литллебертпен кездеседі.
 
Айта кетейік, дзюдодан «Grand Slam» Paris - 2017 жарысын kazsport арнасынан тікелей эфирден тамашаласаңыз болады. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или