Хрусталева: «Қазақстаннан қорқады және қатардан шығарып салғысы келеді»

Хрусталева: «Қазақстаннан қорқады және қатардан шығарып салғысы келеді»

Екі дүркін Азия чемпионы Елена Хруталева допинг дауына байланысты пікірін білдірді.

- 2017 жылғы Азиада ойындарында қазақстандық биатлоншылардан не күтесіз?
- Өте күрделі сұрақ, себебі Универсиадан кейін биатлоншылар әлем чемпионатына кеткен болатын. Олардың тіпті дайындық өткізу тұрмақ, демалуға уақыттары болмады. Өкінішке орай, спортшыларымыз енді тек ұшу кезінде ғана демала алады. Қазір олар әлем чемпионатында бір апта өнер көрсетіп, чемпионат аяқталысымен Азия ойындарына ұшып келеді. Сондықтан біздің не күтетінімізді болжау қиын. Сөзсіз біз спортшыларымыз барынша сәтті өнер көрсетеді деп үміттенеміз. Эстафетадан медаль күтеміз. Жеке марапаттауларға да ие болады деп ойлаймын.

- Азия ойындарында кімдерден қауіптенуге болады деп ойлайсыз?
- Мен Кореядан деп ойлаймын. Ол өз құрамын ресейлік спортшылар негізінде күшейтіп алды. Корея құрамында Анна Фролина, өткен Универсиаданың жеңімпазы Екатерина Авакумова өнер көрсететінін білеміз. Онда Алина Райкова алтынды иеленсе, Екатерина күміске ие болды. Басқа да ресейлік спортшылар бар. Сондықтан мен олар біздің негізгі қарсыластарымыздеп ойлаймын. Жапонияныда естен шығармау керек.
Тізімде байқағанымыздай, Тачизаки есімді жапон қызы бар,ол халықаралық жарыстарда ТОП-30-дың қатарынан көрініп жүр. Мықты қытай қыздары да бар. Жалпы айтқанда, әр құрамада бір-екі мықты спортшыдан бар.

- Біздің құрама төңірегінде болған допинг дауы спортшыларымызға әсер етуі мүмкін бе?
- Спортшы қыздарымыздың аралас эстафета мен спринтерлік жарысты қалай жүгіріп өткенін көріп, құдайға шүкір, қатты әсер етпеген сыңайлы деген ойдамын. Немесе олар бар күштерін сынға салып, әлем чемпионатында лайықты өнер көрсетеді. Бұның тек түсініксіз саяси ойын екеніне сенімдімін, немесе олар Қазақстаннан жүрексініп, бізді құрамнан шығаруды көздейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или