Жақиянов Уорренмен екінші рет кездесуге дайын

Жақиянов Уорренмен екінші рет кездесуге дайын

Жанат Жақиянов америкалық боксшы Рошу Уорренмен екінші рет (реванш) кездесуге дайын екенін айтты.

«Біз бұл жекпе-жекке қатысуға мүмкіндік алғанымызға қуаныштымыз. Чемпиондық белбеуді алған сәттегі көңіл-күйді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ол (Уоррен) жеңдім деп, екінші жекпе-жек өткізуді қалап отыр. Біз бұл туралы міндетті түрде сөйлесетін боламыз. Мен әлемнің көптеген елдерінде жұдырықтастым және де ешкімнен қашқан емеспін», - дейді Жақиянов.

Айта кетейік, жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO белбеулері үшін өткен кездесуде отандасымыз америкалық Роуши Уорренді 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или