Сүйінші! Жақиянов WBA мен IBO чемпионы атанды
Бүгін АҚШ-тың Толедо қаласында жерлесіміз Жанат Жақиянов аса жеңіл салмақ дәрежесінде WBA/IBO чемпионы америкалық Роуши Уоррен жұдырықтасты.
Кездесу өте тартысты өрбіп, барлық он екі раундқа созылды. Жекпе-жектің бірінші кезеңінде Жанат екі рет нокдаунда болды, бірақ артынша Жақиянов Уорренді қыспаққа алып, құлатпақшы болған. Кездесу соңына дейін отандасымыз шабуылдаса, америкалық тек қорғанды.
Жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті отандасымызға бұйырды. Осылайша, Жанат аса жеңіл салмақ дәрежесінде WBA және IBO тұжырымы бойынша жаңа әлем чемпионы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или