Жанат Жақиянов - WBA Super және IBO титулдарының иегері
Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов америкалық Роши Уорренмен жұдырықтасты.
Кездесу америкалық Огайо штатының Толедо қаласында өткен. Боксшылар ең жеңіл салмақта WBA Super және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салды.
12 раундтан тұратын жекпе-жекте боксшылар бір-бірін нокаутқа түсіре алмай, жеңімпазды төрешілер анықтады. Кездесудің басында Жанат екі рет нокдаунға түскеніне қарамастан, қарсыласын қыспаққа алып, бірнеше рет жойқын соққыларын бағыттады. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша жеңіс Жақияновқа берілді.
Айта кетейік, Жанат Жақияновтың бұл кәсіпқой рингтегі 28-ші жекпе-жегі болатын. Оның біреуінде ғана жеңіліп, қалған 27-сін жеңіспен аяқтаған. 18 кездесуді мерзімінен бұрын тәмамдады. Бұған дейін соңғы жекпе-жегін 2015 жылдың қарашасында өткізген еді.