Кличко: «Джошуамен болатын жекпе-жек - мансабымдағы ең қиын кездесу»
Супер ауыр салмақтағы экс-әлем чемпионы Владимир Кличко IBF чемпионы британиялық Энтони Джошуамен болатын жекпе-жекті мансабындағы ең қиын кездесу деп санайды.
«Мен 40, 50, 60 мың жанкүйер алдында жұдырықтастым. Бірақ, ешқашан 90 мың адамның алдында рингке шығып көрмедім. Бұл менің мансабымдағы ең қиын кездесу болмақ. Джошуа денесі дәл менікіндей. Бұл екі Олимпиада чемпионының жекпе-жегі болмақ. Сонымен қатар, бұл екі ұрпақтың қақтығысы десек болар», - деп Владимир Кличконың сөзін talkSPORT жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или